Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-3-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін   ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік   реттеу, бақылау және қадағалау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

12-3-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін   ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік   реттеу, бақылау және қадағалау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-3-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін   ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік   реттеу, бақылау және қадағалау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

      1. Уәкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 

      1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі; 

      2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімдерін жүргізеді; 

      3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 

      4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидаларында, сондай-ақ стандарттарында белгіленген талаптарды сақтамауы фактілерін анықтау және (немесе) олардың алдын алу мақсатында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін тексеруді жүргізеді; 

      5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды қолданады; 

      6) бұқаралық ақпарат құралдарында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қабылданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды; 

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

      2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидаларын, стандарттарын бұзушылықтарын, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында жүзеге асырады. 

      3. Уәкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты: 

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар ұсынатын ақпаратты және есептілікті талдау; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтан қадағалау арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асырады.

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы