12-6-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру үшін негіздер Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы
1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензияны беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігінің анықталуы;
2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басшы қызметкерлеріне және (немесе) қатысушыларына (акционерлеріне) қойылатын талаптарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының сақтамауы;
3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының осы Заңда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғысында немесе қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияда белгіленген оның құқық қабілетінің шегінен шығатын операцияларды жүзеге асыруы;
4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, сатуға және (немесе) айырбастауға байланысты көрсетілетін қызметтер бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) ұсынбау;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, сатуға және (немесе) айырбастауға байланысты көрсетілетін қызметтер бойынша анық емес мәліметтерді ұсыну;
7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалау жүргізілуіне кедергі келтіруі.
2. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиялардан айыру мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қайта ұйымдастыру немесе тарату не соттың қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының кәсіпкерлік қызметтің өзге түрін жүзеге асыруы;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған өзіне берілген лицензияға сәйкес ол берілген немесе өз қызметін қатарынан алты айдан асатын кезеңге тоқтатқан күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қызметін жүзеге асырмауы.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензиядан айыру туралы шешімді қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осындай шешімді қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының назарына жеткізген күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы алдын ала шешім туралы лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданатын күнге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының атынан оның бірінші басшысы ғана шағым жасауға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы