Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 12-бап. Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура туралы Конституциялық заңы

12-бап. Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура туралы Конституциялық заңы 

      Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура органдарының білім беру ұйымы болып табылады және:

      1) ішкі істер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлауды ұйымдастыруды және жүргізуді;

      2) құқық қорғау органдары қызметкерлерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған қызметкерлерін кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін және кәсіптік деңгейін арттыруды;

      3) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіруді және жүргізуді;

      4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды;

      5) құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, құқық қорғау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы