12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңы
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізілуге жатады.
1-1. Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай белгілермен сипатталады:
1) жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі болып табылады;
2) жеке немесе заңды тұлғаға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне өтініш бойынша немесе өтінішсіз жеке тәртіппен беріледі;
3) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен және (немесе) көрсетілетін қызметті бірлесіп берушімен өзара іс-қимыл жасауы арқылы жүзеге асырылады;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету туралы жүгіну (талап ету) құқығын іске асыруды болжайды;
5) нәтиже беруге бағытталған.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшалары әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерге қолданылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыра алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.
Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы