12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржы ұйымының құрылтайшылары құрылатын микроқаржы ұйымын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) кезінде оның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн толық төлеуге мiндеттi.
2. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында қайта ұйымдастырған кезде жарғылық капиталды қалыптастыру осы Заңның 25-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Мыналар:
1) жеке тұлға үшін:
микроқаржы ұйымы құрылтайшыларының (қатысушыларының) кәсіпкерлік қызметтен, еңбек қызметінен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, ақы төленетін өзге де қызметтен алатын кірістері;
микроқаржы ұйымы құрылтайшыларының (қатысушыларының) құжатпен расталған ақшалай жинақтары жарғылық капиталды төлеу немесе микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша сыйға тарту, ұтыстар, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
Құрылтайшы (қатысушы) микроқаржы ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) сыйға тарту түрінде алынған мүліктің есебінен сатып алған кезде көрсетілген мүлікті сыйға тартушы мен оның сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
2) заңды тұлға үшін:
кәсіпкерлік қызметтен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер, түсімдер;
осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түріндегі қаражат жарғылық капиталды төлеу немесе микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына алып келмейтін жағдайда, қаржы ұйымының активтері акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы