12-бап. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
1. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
2. Комитеттің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.
2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Орталықтың әкімшілігі арқылы Комитет алған нысаналы аударым Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.
3. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті:
1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты Орталықтың органдары актілерінің жобаларын әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Орталықтың тиісті актілерін қабылдауға жауапты органға ұсынады;
2) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;
3) Орталық қатысушыларын тіркеуді, аккредиттеуді және лицензиялауды жүзеге асырады;
4) Орталық қатысушыларының тізілімін жүргізеді;
5) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, оларға қатысты шаралар қабылдайды;
5-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы актілерді әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және оларды қабылдайды, сондай-ақ Орталық қатысушыларының оларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
6) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы