12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлерi және оларды төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
1. Қатысушы банк осы Заңға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге мiндеттi:
1) мiндеттi күнтiзбелiк жарналар - қатысушы банктердiң тоқсан сайынғы төлемдерi;
2) қосымша жарналар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің қаражаты және осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтері кепілдік берілген өтемді төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда төленетін қатысушы банктердің біржолғы төлемдері;
3) төтенше жарналар - қатысушы банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 23-бабында белгiленген тәртiппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдерi.
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк жарналарды төлеу мiндеттемелерiн тоқтатып қоймайды.
2. Қатысушы банктiң жарналарды төлеу тәртiбi мен мөлшерiн депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
Қатысушы банктiң мiндеттi күнтiзбелiк жарнасының мөлшерi есеп берiлген тоқсаннан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша қатысушы банктiң кепiлдiк берiлген депозиттерi сомасының 0,5 процентiнен аспауға тиiс.
Қатысушы банктiң қосымша жарнасының мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан үшiн төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның екi еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Қатысушы банктiң төтенше жарнасының жылдық мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның жылдық мөлшерiнен аспауға тиiс.
3. Қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
4. Қатысушы банктердiң қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы