Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-бап. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

12-бап. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы 

      1. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау олардың шығу тегі, агрегаттық күйі, үлестік активтілігі (концентрациясы), радиоактивті қалдықтардағы радионуклидтердің, сондай-ақ олардағы ядролық материалдардың жартылай ыдырау кезеңі негізінде жүзеге асырылады.

      2. Радиоактивті қалдықтар агрегаттық күйі бойынша қатты, сұйық және газ тәрізді радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.

      3. Радиоактивті қалдықтар үлестік активтілігінің (концентрациясының) деңгейі бойынша активтілігі өте төмен, активтілігі төмен, активтілігі орташа және активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.

      4. Радиоактивті қалдықтардағы радионуклидтердің жартылай ыдырау кезеңі бойынша олар өте қысқа өмір сүретін, қысқа өмір сүретін және ұзақ өмір сүретін радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.

      5. Құрамында ядролық материалдардың болуына қарай радиоактивті қалдықтар құрамында ядролық материалдар бар және құрамында ядролық материалдар жоқ радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.

      6. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау өлшемшарттары мен тәртібін уәкілетті орган бекітеді. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау олармен жұмыс істеу тәртібін анықтау, қайта өңдеу, сақтау және (немесе) көму технологияларын таңдау кезінде пайдаланылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау