Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

   12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1, 15, 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:

      1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру; 

      2) жақын туыстарының, жұбайларының (зайыптарының), жекжаттарының және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу; 

      3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды өзіне және (немесе) басқа да адамдарға алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану; 

4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;

      5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау; 

       6) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу;

7) лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүддесі үшін пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

      2. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін. 

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді. 

      4. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) алып келеді, оларды сақтамау жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) негіз болып табылады. 

5. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері осы адамның материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды алуға құқылы емес.

      Ескертпе: Осы Заңда осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері деп оның жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар түсініледі. 

      6. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей, олардың шотына келіп түскен ақша, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады. 

      Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға сыйлықтың алынғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда ұсынылған жеңілдіктерге, қызметтерге жеңілдіктер, қызметтер ұсынылған күннен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға жеңілдіктің, қызметтің ұсынылғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс. 

Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам мұндай сыйлықты "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.

 7. Осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарының ережелері автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдарға және мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелеріне (мемлекеттік лауазымды не мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымды атқаратын адамдарды қоспағанда) қолданылмайды. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындаған кезде осы Заңның 15, 15-1, 15-2, 15-3 және 15-4-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, мынадай: 

      1) өзі және (немесе) басқа да адамдар үшін мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану; 

      2) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар өзінің жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау; 

      3) өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға міндетті. 

      Мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне осы баптың 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. 

      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы