Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау  Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

12-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау  Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

     12-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау  Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы 

 

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызмет осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.  

      2. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің және қызметтің осы түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маманы немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша магистр, доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкері болуға тиіс. 

      Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің және қызметтің осы түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкері болуға тиіс.  

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген түрлеріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды. 

      3. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.  

      4. Лицензиар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады. 

      5. Лицензиар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының талаптарын сақтамау салдарынан лицензиаттың кінәсінен тарихи-мәдени мұра объектісі немесе тарих және мәдениет ескерткіші физикалық тұрғыдан толық немесе ішінара жойылған жағдайда, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиядан айырады. 

      6. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиялар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы