12-бап. Уәкілетті орган Азаматтық қорғау туралы Заңы
1. Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық етеді;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
5) уәкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін әзірлейді және бекітеді;
6) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) уәкілетті органның аумақтық органдарының, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді;
8) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен шығаруды, әскери және арнаулы атақтар беру мәселелерін шешуді жүзеге асырады;
9) ведомстволық наградалармен наградтайды және Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыным енгізеді;
10) төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде халыққа, азаматтық қорғауды басқару органдарына алдын ала және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабарлауды және құлақтандыруды қамтамасыз етеді;
11) адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлік пен өзге де материалдық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады;
13) азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;
15) өз өкілеттіктері шегінде өрттерге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады;
16) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты талаптарды, жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
18) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
20) елді мекендердегі және объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске әзірлігіне бақылауды жүзеге асырады;
21) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындайды;
22) облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді;
23) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
24) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
25) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
26) азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларын есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
29) кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін әзірлейді және бекітеді;
30) кәсіби өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
31) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
32) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;
33) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;
34) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
35) ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
36) төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
37) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз етеді;
38) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы қолда бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;
39) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және олардың салдарын бағалау үшін Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады;
40) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен теңізге және Қазақстан Республикасының сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индекстері бар экологиялық сезімталдық картасын әзірлеуге және келісуге қатысады;
41) төтенше жағдайларды жою кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;
42) ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өртті сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттауды жүргізеді;
43) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
44) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді;
45) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы мен орталық атқарушы органдар үшін қосалқы (қала сыртындағы) және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
46) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төмен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
47) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі;
48) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
49) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларын және бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
50) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
51) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
52) кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
53) азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
54) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
55) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
56) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
57) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
58) еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақылар төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60) халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
61) төтенше жағдайлардың туындауына алып келген аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
62) кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
63) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
64) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері санының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
66) сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізеді;
67) сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
68) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
69) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70) сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
71) зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
72) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
73) Өртке қарсы қызметтің жарғысын әзірлейді және бекітеді;
74) уəкілетті органның жедел резервін күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
75) ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
76) өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
78) өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы актінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
79) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
80) бейбіт уақытта эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
81) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарын бөледі және пайдаланады;
81-1) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидаларын бекітеді;
82) уәкілетті органның теңіз ұйымының қызметін үйлестіреді;
83) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде мұнай өнімдерін тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бәсекелестік негізде дербес сатып алады;
84) Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ұсынады;
85) азаматтық қорғау органдарында кинологиялық қызметті дамытуды қамтамасыз етеді;
86) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
87) өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілердің тізбесін, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
88) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
89) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
90) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
91) белгіленген нормалары мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
92) азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді ұсыну мерзімдерін айқындайды;
93) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақшалай үлесті, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94) азаматтық қорғау органдарында бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
95) азаматтық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
96) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
97) бейбіт және соғыс уақытында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды және үздіксіз шифрланған байланысты қамтамасыз етеді;
98) соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
99)
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 99) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).
100)
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 100) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).
101) сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
102) осы Заңның міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
103) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның жалауы мен рәмізі болады. Оның аумақтық органдары мен білім беру ұйымдарының жалаулары болады, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары, шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметінің рәмізі болады.
Уәкілетті органның жалауы мен рәмізінің, уәкілетті органның аумақтық органдары, білім беру ұйымдары жалауларының, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының және уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі рәмізінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы