Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 129-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

129-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

129-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. 

      Жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады. 

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы. 

      Көрсетілген өтінішхатқа: 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы бекіткен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату жөніндегі іс-шаралардың іске асыру мерзімдері көрсетілген тізбесі; 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екенін куәландыратын активтер мен міндеттемелер туралы есеп; 

      басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты беру туралы өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты беру тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату осы Заңның 117-бабының 3, 4 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      4. Қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты алған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы тарату комиссиясын құрады. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтататын тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 

      5. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде оны уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы архивке құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен тапсыруға және бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының барлық кредиторының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы