13-1-бап. Кәсіби кеңес Аудиторлық қызмет туралы Заңы
1. Кәсіби кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құрылтайшылары бекіткен жарғыға сай әрекет етеді.
2. Кәсіби кеңестің мүлкі міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдардан, кәсіби ұйымдардан біржолғы немесе тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және кәсіби кеңес қызметінің мақсаттарына сәйкес келетін көздер есебінен қалыптастырылады.
3. Кәсіби кеңеске оның құрылтайшылары берген мүлік кәсіби кеңестің меншігі болып табылады.
Кәсіби кеңес құрылтайшыларының кәсіби кеңестің мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды.
4. Кәсіби кеңестің басқармасы (бұдан әрі - басқарма) кәсіби кеңестің жоғары басқару органы болып табылады, оның қарауына Қазақстан Республикасының заңдарында, кәсіби кеңестің жарғысында және кәсіби кеңестің ішкі құжаттарында айқындалған, кәсіби кеңестің қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау жатады.
5. Басқарма құрамына:
1) кәсіби ұйымдардан - саны бірдей;
2) уәкілетті органнан (басқарма төрағасы болып табылатын, аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша басшы немесе оның орынбасары);
3) аудитке қатысты мәселелер бойынша - "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамынан;
4) "Астана" халықаралық қаржы орталығынан;
5) жоғары оқу орындарынан және (немесе) ғылыми ұйымдардан өкілдер;
6) сондай-ақ "аудитор" біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар тәуелсіз директор кіреді.
6. Басқарма мүшелерінің саны тақ санды құрауға тиіс, бұл ретте кәсіби ұйымдар өкілдерінің саны басқарма мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайтынын құрауға тиіс. Басқарманы төраға басқарады.
7. Басқарма өкілдеріне сыйақы төленбейді.
8. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) кәсіби кеңестің мүлкін қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, кәсіби кеңестің ішкі құжаттарын бекіту;
2) кәсіби кеңестің атқарушы органдарына ұсынылған кандидатураларды бекіту;
3) кәсіби кеңес қызметінің жарғылық мақсаттарға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
4) аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында кәсіби кеңес қызметінің бағытын айқындау;
5) аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын келісу;
6) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
7) аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін келісу;
8) кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті ұсынған, аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымға мүшеліктен шығару туралы өтінішхаттар бойынша ұсынымдарды қарау және беру;
9) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің қызметіне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін келісу;
10) кәсіби ұйымдарға, аудиторлық ұйымдарға және аудиторларға қатысты өтініштерді қарау;
11) кәсіби кеңестің қызметі туралы жылдық есептілікті бекіту;
12) кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясы қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
13) аудиторлық және кәсіби ұйымдардың аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу тәртібіне сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылатын бақылау нәтижелерін оларға қарсылық болмаған және (немесе) апелляциялық комиссияның шешімі болған жағдайларда қарау және келісу.
Басқарма кәсіби кеңес қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.
9. Кәсіби кеңес филиалдар мен өкілеттіктер құруға құқылы емес.
10. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті, Біліктілік комиссиясы, атқарушы алқалы орган, басқарма бекіткен өзге де органдар кәсіби кеңестің атқарушы органдары болып табылады.
11. Кәсіби кеңес уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қызметі туралы жылдық есептілікті басқарма оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
12. Төраға басқаратын атқарушы алқалы орган кәсіби кеңестің қызметіне ағымдағы басшылықты кәсіби кеңестің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
13. Кәсіби кеңестің және атқарушы органдардың қызметі туралы мәліметтер ашық және қолжетімді болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы