Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

13-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

     1. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі мынадай талаптар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің жиынтық активтерінің сомасы он миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болуға тиіс;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиал ашуына келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда осындай келісімнің (рұқсаттың) болуы;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болуы;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингінің болуы;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және өтімділік коэффициенттерін бұзудың болмауы.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен және мәліметтермен қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      2) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;

      3) лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің көшірмесі, онда мынадай:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің балансында есепке алу туралы;

      осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалы активтерінің мөлшерін бекіту туралы мәселелер бойынша шешімдер де қамтылады;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.

      Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.

      Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;

      8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-" кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болған кезде оған қолданылмайды.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті өтініш беруші уәкілетті орган оны қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

      1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу;

      2) рұқсат алу үшін берілген құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалы атауының осы Заңның 4-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделінің болмауы.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкін бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.

      3-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беруге негіз болған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпарат анықталған жағдайда рұқсатты кері қайтарып алады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияның (рұқсаттың) қолданысы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне және Корпорацияға жіберіледі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін не осы баптың 3-1 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың заңды күші болады.

      6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын есептік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы