⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-2-бап. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті Аудиторлық қызмет туралы Заңы

13-2-бап. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті Аудиторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-2-бап. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті Аудиторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінің құрамына аудит жүргізу саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар, практикамен айналыспайтын кемінде екі сарапшы үш жылға дейінгі мерзімге кіреді және/немесе аудит жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, "аудитор" біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылмаған, практикамен айналыспайтын сарапшылар кіруі мүмкін. 

      2. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінің айрықша құзыретіне мыналар жатады: 

      1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің басқарма бекіткен, кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асыру; 

      2) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне сапаны сыртқы бақылауды жүргізу; 

      3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін басқармаға келісуге ұсыну; 

      4) уәкілетті орган бекіткен, аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларына, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарына сәйкес аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібін басқармамен келісу бойынша әзірлеу және бекіту; 

      5) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін кәсіби кеңестің интернет-ресурсында орналастыру; 

      6) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      7) басқармаға аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымға мүшеліктен шығару туралы өтінішхат ұсыну; 

      8) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібіне сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асыру. 

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны құрайтын, сапаны бақылау жөніндегі комитет аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізген кезде алған мәліметтер жария етілуге жатпайды. 

 

Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы