Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Халықты әлеуметтік жағынан қолдау Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңы

13-бап. Халықты әлеуметтік жағынан қолдау Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Халықты әлеуметтік жағынан қолдау Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңы 

      1. Экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа:

      1) экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар:

      Экологиялық апат - 1,5;

      экологиялық дағдарыс - 1,3;

      2) экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:

      экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5

      экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3

      экологиялық дағдарыс жағдайына

      жақындаған аймақ бойынша - 1,2

      коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төлеу;

      3) жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды

      жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне):

      экологиялық апат аймағы бойынша - 12 күнтізбелік күн

      экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 9 күнтізбелік күн

      экологиялық дағдарыс жағдайына

      жақындаған аймақ бойынша - 7 күнтізбелік күн

      беру белгіленеді;

      4) еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

      2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) орындармен артықшылықпен қамтамасыз етілу құқығы беріледі. 

 

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңы. 

Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын. 

      Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы