Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 13-бап. Орталықтың соты "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

13-бап. Орталықтың соты "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Орталықтың соты "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 

      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген дауларды сот қарауын Орталықтың соты ғана жүзеге асырады, оның мақсаты тараптардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Орталықтың қолданыстағы құқығының орындалуын қамтамасыз ету болады.

      2. Орталықтың соты өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді.

      3. Орталықтың соты екі сатыдан: бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады.

      3-1. Орталық сотының төрағасы мен судьяларын Орталықты Басқарушының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.

      4. Орталықтың соты қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және мыналарға:

      1) Орталық қатысушыларының, Орталық органдарының және (немесе) олардың шетелдік жұмыскерлерінің арасында туындайтын дауларды қарау мен шешуге;

      2) Орталықта жүзеге асырылған және Орталықтың құқығына бағынысты кез келген операцияға қатысты дауларды қарау мен шешуге;

      3) тараптардың келісімі бойынша Орталықтың сотына берілген дауларды қарау мен шешуге қатысты айрықша юрисдикцияға ие болады.

      5. Орталықтың соты өз қызметінде Англияның және Уэльстің процестік қағидаттары мен нормаларына және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуге тиіс болатын Кеңестің "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты туралы" қаулысын басшылыққа алады.

      Кеңестің "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты туралы" қаулысында соттың құрамы, соттың лауазымды адамдарын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібі, судьяларға және соттың лауазымды адамдарына қойылатын біліктілік талаптары және Орталық сотының жұмыс істеуіне қатысты басқа да мәселелер айқындалады.

      6. Орталықтың соты дауларды шешу кезінде Орталықтың қолданыстағы құқығын басшылыққа алады, сондай-ақ нақты даулар бойынша Орталық сотының заңды күшіне енген шешімдерін және жалпы құқықтың басқа да юрисдикциясы соттарының күшіне енген шешімдерін ескеруі мүмкін.

      7. Орталықтың аппеляциялық сотының шешімдері түпкілікті болып табылады, шағым жасауға жатпайды және барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

      8. Қазақстан Республикасында Орталық сотының шешімдерін орындау Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталық актілерінде айқындалған тәртіппен Орталық соты шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.

      9. Орталықтың аумағында Қазақстан Республикасы соттарының шешімдерін орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Орталықтың соты Орталық актілерінің нормаларын түсіндіру бойынша айрықша құзыретке ие болады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы