Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 13-бап. Психологтардың мемлекеттік тізілімі Психологиялық қызмет туралы Заңы

13-бап. Психологтардың мемлекеттік тізілімі Психологиялық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 13-бап. Психологтардың мемлекеттік тізілімі Психологиялық қызмет туралы Заңы 

      1. Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді.

      2. Психологтар психологтардың мемлекеттік тізілімінде:

      1) жеке психологиялық практика тәртібімен және (немесе) жұмыс берушімен еңбек қатынасындағы психологиялық қызмет атқаратын психологтар модулінде;

      2) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынған мәліметтері негізінде мемлекеттік ұйымдарда, дербес білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті атқаратын психологтар модулінде тіркелуге тиіс.

      3. Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган психологтарды психологтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау тәртібін әзірлеп, бекітеді.

      4. Психологтардың мемлекеттік тізілімінде тіркеуден өтпеген адамдардың:

      1) осы Заңда белгіленген психологиялық қызмет атқаруға және психологиялық көмек көрсетуге;

      2) өзін психолог деп атауға, сондай-ақ "психо-" деген сөзге психологиялық қызмет атқаруда жаңылыстыратын өзге де туынды және ұқсас атауларды қолдануға;

      3) медициналық диагностика жүргізуге және дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындауға, адамның санасына әсер ететін психикалық белсенді заттарды пайдалануға және (немесе) психикаға белсенді әсер ететін әдістерді, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін басқа да әдістерді қолдануға құқығы жоқ.

      5. Психологтардың мемлекеттік тізілімінен:

      1) осы Заңның талаптарын бұзуға жол берген;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылауда тұрған;

      4) психологиялық көмек алушының өмірі мен денсаулығына зиян келтірген психологтар алып тасталады.

      Психологтардың мемлекеттік тізілімінде қайта тіркеуге одан алып тасталған күннен бастап алты ай өткен соң жол беріледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 332-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау