13-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына
1. Валюталық операцияларды мониторингтеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларға қатысушы резиденттерден және (немесе) валюталық операцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банктерден валюталық операциялар, сондай-ақ шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар туралы ақпарат алу арқылы жүзеге асырады.";
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) капитал қозғалысы операциялары және оларға теңестірілген операциялар солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін жүргізілетін валюталық шарттарға (бұдан әрі – капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттар) есептік нөмірлер береді және олар бойынша жүргізілетін валюталық операциялар мен олармен байланысты бейрезиденттерге қойылатын талаптар және бейрезиденттер алдындағы міндеттемелер туралы ақпарат алады;";
2) тармақша "хабарламалар" деген сөзден кейін "және (немесе) мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) резиденттер (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) ашқан шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар туралы мәліметтер алады және осындай шоттарға есептік нөмірлер береді;
2. Осы Заңда белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банктер валюталық операциялардың мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін, солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шарттарға, сондай-ақ резиденттердің (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына есептік нөмірлер береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, сондай-ақ есеп айырысулар осындай шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер береді. Уәкілетті банктер есеп айырысулар уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер береді.
Егер валюталық шартта капитал қозғалысы бойынша операциялардың немесе оған теңестірілген операциялардың жүргізілуі және экспорттың немесе импорттың жүзеге асырылуы көзделсе және ол бойынша есеп айырысулар уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылса, онда резидент (уәкілетті банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруі үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті банкке жүгінеді.
Егер валюталық шартта қаржылай қарыз, оның ішінде лизинг беруші мен лизинг алушы арасында қаржы лизингі, инвестициялық жобаларды іске асыруға гранттар беру және экспортты немесе импортты жүзеге асыру көзделсе және ол бойынша есеп айырысулар уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылса, резидент (уәкілетті банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруі үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және уәкілетті банкке жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, сондай-ақ есеп айырысулары осындай шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беру бойынша іс-қимылдар жасауы әкімшілік актінің қабылдануына байланысты болмайды.ы.
3. Валюталық шартқа есептік нөмір берілген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банк валюталық шартқа қатысушы – резиденттен валюталық шарттың ұсынылған көшірмесіне қосымша мынадай ақпаратты және (немесе) құжаттарды:
1) сәйкестендіру деректерін, тіркелу елін, валюталық шарт тарапының валюталық шарттың басқа тарапының капиталына қатысуы туралы мәліметтерді қоса алғанда, валюталық шартқа қатысушылар туралы мәліметтерді;
2) валюталық шарттың деректемелері мен сомасын, валюталық шарттың және ол бойынша есеп айырысулардың валютасын, валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды аяқтау күнін қоса алғанда, мәміле туралы мәліметтерді;
3) мәміле бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылатын шоттар туралы мәліметтерді;
4) валюталық шартқа қатысушылары енгізген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды және жүзеге асырылатын мәмілеге байланысты валюталық шартқа қатысушылардың өзге де құжаттарын талап етуге құқылы.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, есеп айырысулары шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беруі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан қандай да бір міндеттемелерсіз жүзеге асырылады. Есептік нөмірдің болуы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықтан босату үшін негіз болып табылмайды.
5. Резидент (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру және шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру үшін мәліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру рәсімдерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық жүйесі арқылы электрондық тәсілмен ұсынады.
Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша есептерді, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы ақша қозғалысы бойынша есептерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру рәсімдері сақтала отырып, цифрлық жүйе арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау