Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 130-бап. Соттың шақыру қағаздарын немесе өзге де хабарлауды тапсыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

130-бап. Соттың шақыру қағаздарын немесе өзге де хабарлауды тапсыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

130-бап. Соттың шақыру қағаздарын немесе өзге де хабарлауды тапсыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 

      1. Азаматқа жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама сотқа қайтарылуға жататын қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қол қойғызып, оған жеке табыс етіледі.

      Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама оның өкіліне немесе басқарушылық функцияларды орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылатын, хабарланатын тұлғаның басқа жұмыскеріне табыс етіледі, олар өздерінің лауазымын, тегін және аты-жөнін көрсете отырып, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне алғандығы туралы қол қояды.

      Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, егер хабарлау мен шақырудың электрондық түрлерін жіберудің барлық мүмкіндігі таусылған жағдайда, заңды тұлғаға жіберіледі.

      Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, тіпті, егер заңды тұлға көрсетілген мекенжайда болмаса да, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша оған жеткізілген болып есептеледі.

      2. Егер шақыру қағазын жеткізген адам іс бойынша хабарландырылатын немесе шақырылатын адамды тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы онымен бірге тұратын отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің біріне не олардың келісімімен басқа адамға, ал олар болмаған кезде – көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамына, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның не оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасына тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын лауазымын көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын қабылдап алған адам оны кешеуілдемей адресатқа тапсыруға міндетті.

      Көрсетілген жағдайларда соттың шақыру қағазы тиісті түрде тапсырылған болып есептеледі.

      3. Адресат уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазын жеткізетін адам қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарлауға адресаттың қайда кеткенін және оның қашан қайтып келуі мүмкін екенін белгілейді. Осы мәліметтерді онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және басқа адамдардың ішінен біреуі растауы не көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі соттың шақыру қағазын немесе хабарлауды жеткізген адам қағаз жеткізгіштегі куәландыруға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы