Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 132-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

132-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

132-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым:  

      1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;  

      2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;  

      3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, құқықтарын (талаптарын) сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасына бағалау жүргізуге;  

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де құқықтарды (талаптарды) және активтерді сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, оларды иеленуге және (немесе) өткізуге құқылы. 

      Құқықтар (талаптар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымға ауысқан жағдайда, мұндай ауысуға қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік берушінің және өзге де тұлғалардың келісімі талап етілмейді;  

      5) банктер шығарған акцияларға және (немесе) облигацияларға бағалау жүргізуге;  

      6) заңды тұлғалардың, оның ішінде құқықтары (талаптары) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, оларды иеленуге және (немесе) өткізуге; 

       7) банктер шығарған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға және (немесе) оларды өткізуге; 

      8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруге немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға, оны сенімгерлік басқаруға беруге;  

      9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған құқықтарды (талаптарды) және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуге;  

      10) күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйым құруға (сатып алуға);  

      11) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан құқықтарды (талаптарды) және (немесе) акциялар мен жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, өзге де активтерді сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға және (немесе) оларды өткізуге құқылы.  

      Егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәміленің нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым активтерінің мөлшерінен он және одан да көп пайыз сомасында мүлік сатып алынған жағдайда, онда мұндай мәмілені жасасу туралы шешімді осы ұйымның акционері қабылдайды.  

      Егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәміленің нәтижесінде кредитор құқықтарының (талаптарының) ауысуы орын алған жағдайда, қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік берушінің және өзге де тұлғалардың мұндай ауысуға келісімі талап етілмейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін елеулі маңызы жоқ деп танылады;  

      12) бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сатып алуға, сондай-ақ ақшаны екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктік шот және банктік салым шарттары талаптарында орналастыруға;  

      13) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға; 

      14) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін сатып алуға;  

      15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнаулы бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыруға; 

      16) активтер, оның ішінде құқықтар (талаптар) бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығаруға және (немесе) олардың күшін жоюға, активтерді басқаруға және оларды өткізуге, көрсетілген әрекеттер салдарынан туындауы ықтимал залалдарды мойындауға;  

      17) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған құқықтарды (талаптарды) өтеу есебіне қабылданған және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтер ретінде ескерілетін мүлікті өткізуге және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беруге;  

      18) орындалуы тоқтатылған міндеттемелерді ішінара немесе толық есептен шығаруға (кешіруге);  

      19) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімі қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асырылған банктік қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттіктерді тартуға, сондай-ақ осы Заңның 61-бабының 9-тармағына және 62-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын қою арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдануға; 

      20) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы. 

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге және құқықтарға (талаптарға) қойылатын талаптар тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген құқықтар (талаптар) бойынша банктік қарыз операциясы бойынша кредитор (қарыз беруші) болып танылады және оның банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқығы мен міндеті болады.  

      2. Бұрын банк болып табылған, өзіне қатысты заңды күшіне енген сот актісі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан немесе одан да көп пайызы 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған заңды тұлға:  

      1) өз атауында "банк" сөзін сақтап қалуға құқылы; 

      2) осы бапта көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілген, бас банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асыруға құқылы;  

      3) өзіне берілген құқықтар (талаптар) бойынша кредитор (қарыз беруші) деп танылады және кредитордың (банктің, қарыз берушінің) банктік қарыз шарттарында белгіленген қалған құқықтары (талаптары) бойынша құқықтары мен міндеттері сақталады; 

      4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды.  

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаның талаптары бойынша қарыз алушыларға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау бойынша осы Заңның 66-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.  

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда:  

      1) көрсетілген заңды тұлғаның барлық активтері, оның ішінде құқықтары (талаптары) және міндеттемелері, оның ішінде оны қайта құрылымдауға, активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияға және қайта ұйымдастырылғанға дейін жасалған өзге де операцияларға (мәмілелерге) байланысты құқықтары (талаптары) және міндеттемелері оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) бөлу балансына және (немесе) беру актісіне сәйкес өтеді;  

      2) көрсетілген заңды тұлғаның активтерін, оның ішінде құқықтарын (талаптарын) және міндеттемелерін оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) беру көрсетілген заңды тұлғаның жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттарына жаңа тарапты көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етпейді;  

      3) көрсетілген заңды тұлғаның активтерін, оның ішінде құқықтарын (талаптарын) және міндеттемелерін оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) беру қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік берушінің және кез келген өзге де тұлғаның келісімін алуды талап етпейді. 

      3. Өз қызметін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген, банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия негізінде жүзеге асыратын банк осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы Заңның 19-бабында айқындалған тәртіппен көрсетілген лицензияны әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті. 

      Меншікті капиталының мөлшері осы Заң қолданысқа енгізілген күні әмбебап банк лицензиясы бар банктің меншікті капиталының уәкілетті орган белгілеген ең төмен мөлшеріне сәйкес келмейтін банк осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде өзінің меншікті капиталы мөлшерінің көрсетілген ең төмен мөлшерге сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті. 

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, банк осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде осы Заңның 19-бабында айқындалған тәртіппен әмбебап банк лицензиясын базалық банк лицензиясына қайта ресімдеу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті. 

      4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған банк омбудсманы өкілдерінің кеңесі өзінің қызметін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       5-тармақ 01.01.2027 дейін қолданыста болады – осы Заңның 135-бабы 2-тармағымен.  

      5. Қарыз алушы жеке тұлға банкке жүгінгеннен кейін банк омбудсманына мынадай: 

      1) қарыз алушы ұсынған өзгерістерді банктік қарыз шартына енгізуден бас тарту туралы банктің шешімін алған; 

      2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген; 

       3) қарыз алушының, оның ішінде банктік қарызды алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жәбірленуші деп танылған қарыз алушының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру бөлігінде банкпен келісімге қол жеткізілмеген жағдайларда, дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге жүгінуге құқылы. 

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қарыз алушы жеке тұлға банк омбудсманына жүгінгені туралы банкті бір мезгілде хабардар ете отырып, күнтізбелік он бес күн ішінде банк омбудсманына жүгінуге құқылы. 

      Банк омбудсманы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыдан ипотекалық қарыз, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша түскен жолданымды қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сот арқылы немесе соттан тыс өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы