135-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 52-бабы 6-тармағының үшінші бөлігін және 58-бабының 17-тармағын;
2) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 8-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын, 9-бабы 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерін, 19-бабы 13-тармағының 3) тармақшасын және 14-тармағының 2) тармақшасын, 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 52-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын, 58-бабының 21-тармағын, 61-бабының 9-тармағын, 63-бабының 9-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацын, 67-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын және екінші бөлігін, 69-бабы 6-тармағының 10) тармақшасын, 7-тармағының бірінші бөлігін және 9-тармағының 5) тармақшасын, 78-бабы 2-тармағының 13) тармақшасын, 83-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын және 4-тармағының 7) тармақшасын, 84-бабын, 6-бөлімін, 133-бабының 2-тармағын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 15) тармақшасын, 61-бабының 7 және 8-тармақтарын, 64-бабының 5-тармағын, 65-бабын, 69-бабының 19-тармағын, 75-бабының 5-тармағын;
4) 2027 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 61-бабының 11-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 132-бабының 5-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
3. Мыналардың:
1) осы Заңның 52-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2026 жылғы 2 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Тізбесі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтерден басқа, банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларда клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ережелер қамтылуға тиіс.";
2) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін:
осы Заңның 78-бабының 2-тармағы 11) және 12) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"11) банк омбудсманының офисіне міндетті жарналарды және (немесе) өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді банктің орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
12) банк омбудсманының шешімін осы шешімде белгіленген мерзімде банктің орындамауы;";
осы Заңның 87-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1) ақпаратты, қаржылық және өзге де есептілікті жеке-дара айқындалған кезеңділікпен алуға;";
3) осы Заңның 63-бабы 5-тармағының қолданысы 2027 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"5. Банктің жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.".
4. Банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:
өздерінің балансындағы және банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану нәтижесінде 2022 жылғы 5 қыркүйекке дейін сатып алынған мүлікті;
өздерінің балансындағы және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде 2024 жылғы 20 тамызға дейін сатып алынған мүлікті өткізуге міндетті.
Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:
өзінің балансындағы және банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде 2024 жылғы 20 тамызға дейін сатып алынған мүлікті;
осы Заңның 30-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген, өзінің балансындағы және өзіне бас банк берген және (немесе) бас банктен осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сатып алынған мүлікті өткізуге міндетті.
Банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде сатып алынған мүліктің жалпы болу мерзімі банктің меншігіне түскен күнінен бастап үш жылдан аспауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген мерзім мынадай мүлікке:
өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесіне;
банк осы Заңның 28-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес сатып алу шартынсыз жалға (мүліктік жалдауға) берген, өткізу мерзімі жалдау мерзіміне шамалас ұзартылатын тұрғынжайға;
осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген мүлікке қолданылмайды.
Банк осы Заңның 23-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар мен шектеулер сақталған кезде осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдардың капиталына үлестік қатысудың басқа нысандарын сатып алу жағдайларын қоспағанда, балансындағы және банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану нәтижесінде сатып алынған акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай ішінде өткізуге міндетті.
5. Мыналар:
1) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған банктік қарыз шарттары, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін туындаған осындай шарттар бойынша құқықтық қатынастар банктік қарыз шарттары бойынша құқықтық қатынастар жасалған немесе туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі;
2) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған банктік қарыз шарттарынан осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастар осы Заңға сәйкес регламенттеледі;
3) осы Заңның 61-бабы 11-тармағының 4) тармақшасы екінші бөлігінің қолданысы бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Қарыз алушы жеке тұлғамен 2027 жылғы 1 мамырға дейін жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беру мақсаттары үшін жиырма төрт айлық мерзімді есептеу кезінде мерзімі өткен берешектің мерзімі және 2027 жылғы 1 мамырға дейін жүргізілген берешекті реттеу рәсімдері ескеріледі;
4) банк омбудсманы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап осы Заңның 61-бабының 9-тармағына сәйкес банк омбудсманының жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы берешекті ұжымдық реттеуді жүзеге асырады;
5) осы Заңның 57-бабының 3-тармағы екінші бөлігінің талаптары бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
6) осы Заңның 58-бабының 17-тармағында көзделген талаптар мыналарға:
осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң жасалған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттарына (тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттарға);
талаптарында ақшаны өтініш негізінде толық көлемде не бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң берілген, тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) сомасын ұлғайтуға арналған өтініштерге, сондай-ақ мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарызды (микрокредитті) беруге арналған өтініштерге қолданылады;
7) жеке тұлғалардың 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін банк омбудсманына жіберген, солар бойынша шешімдер қабылданбаған жолданымдары, сондай-ақ банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге байланысты, соларға қатысты өзара қолайлы шешімге қол жеткізуге жәрдемдесу жүзеге асырылмаған және талаптарды өзгерту туралы тараптармен келісілген шешім қабылдамаған жолданымдар 2027 жылғы 14 қаңтарға дейін қаржы омбудсманы қызметіне берілуге тиіс деп белгіленсін.
Аталған жолданымдар бойынша оларды қарау мерзімін есептеу қаржы омбудсманы қызметі оларды алған күннен басталады;
8) осы Заңның 66-бабының талаптары 2017 жылғы 1 қазаннан бастап жасалған банктік қарыз шарттарына қолданылады деп белгіленсін.
6. Мыналарды:
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күші жойылды деп танылатын 16-баптың 2-тармағының 1), 1-1) тармақшаларын және 3-тармағын, 16-3-баптың 2 және 3-тармақтарын, 17-баптың 2 және 4-тармақтарын, 17-2, 31-1 және 48-1-баптарды, 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасын, 6-1, 7-2 және 8-тарауларды;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 40-1, 40-2, 40-3, 40-4-баптарды, 50-баптың 7-2-тармағын қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы