14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
Уәкiлеттi органға жүктелген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат жария етілуге жатпайды.
Уәкілетті орган осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, соның ішінде оның уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы береді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 14-баптың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары уәкілетті органның сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті қоса алғанда, есептілікті және қажет болған жағдайда уәкілетті органның өз функцияларын орындауы үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты, оның ішінде электрондық түрде және (немесе) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері арқылы беруге міндетті.
Уәкілетті органның жұмыскерлері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
 
                                             
                                            