14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарынан басқа, арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісі немесе жеке меморандум немесе облигациялық бағдарлама проспектісі немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі немесе жеке меморандум мынадай мәліметтерді:
1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
2) оригинатордың қызметінің нысанасын, секьюритилендіру мәмілесіндегі құқықтары мен міндеттерін;
3) талап ету құқықтарының сипаттамасын, бөлінген активтер құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсу шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібін;
5) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 6) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 7) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 8) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) қосымша қамтамасыз ету туралы;
10) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
11) талап ету құқықтарының біркелкілік өлшемдерін;
12) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама проспектісінде және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда көрсетіледі);
13) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігін қамтуға тиіс.
2. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісіне немесе жеке меморандумына оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған, осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты қоса беріледі.
Оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі болмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің алдындағы оригинатордың соңғы есепті тоқсан үшін қаржылық есептілігінің көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.
3. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі оригинатордың үлестес тұлғасы болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы