⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

14-бап. Борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 14-бап. Борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер болған кезде, егер мәмілелерді борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасаса, олар жарамсыз деп танылады. 

      2. Осы бапта көзделген мәмілелер анықталған кезде қаржы басқарушысы, оның ішінде мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша, осындай мәмілелер анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге міндетті. 

      3. Мәміле жарамсыз деп танылған кезде жауапкер мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтаруға, заттай қайтару мүмкін болмаған кезде, егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе өзге заңдарда мәміленің жарамсыз болуының өзге салдары көзделмесе, қайтарылуға жататын мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшамен өтеуге міндетті. 

      Бұл ретте жауапкер борышкерге талап қою құқығына ие болады, ол осы Заңның 40-бабының 4-тармағына сәйкес қанағаттандырылуға жатады. 

      4. Мүліктің жоғалуына, бүлінуіне не кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты оны қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүлік өтеусіз берілген кезде, талап етілетін мүлікті бастапқы сатып алушылар борышкердің алдында жоғарыда санамаланған әрекеттерге байланысты туындаған залалдарды өтеу бойынша жоғалған, бүлінген, берілген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде жауапты болады. 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы