⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Масс-медиа өнімін тарату Масс-медиа туралы Заңы

14-бап. Масс-медиа өнімін тарату Масс-медиа туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Масс-медиа өнімін тарату Масс-медиа туралы Заңы 

      1. Масс-медиа өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ азаматтар немесе ұйымдар жүзеге асырады. 

      2. Масс-медиа өнімін әзірлеу, жариялау, қайталап көрсету және тарату кезінде мынадай жағдайларда: 

      1) егер осы адам мәдени-бұқаралық ойын-сауық іс-шараларында, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, бейбіт жиналыстарда және өзге де жария іс-шараларда болса немесе оларға қатысса; 

      2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және мұндай адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа; 

      3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді. 

      3. Эротикалық сипаттағы өнімді: 

      1) стационарлық емес үй-жайларда; 

      2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде; 

      3) білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат ғимараттарының (құрылысжайларының) үй-жайларында және аумақтарында; 

      4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады. 

      4. Масс-медиада еңбек саласында кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын, жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастыруға тыйым салынады. 

      5. Масс-медиада ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, мыналар: 

      1) құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған адам; 

      2) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды. 

      Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 67-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды. 

      6. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын масс-медиа өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ масс-медиа өнімін жоюға заңды күшіне енген сот шешімi негiзiнде болмаса, жол берiлмейдi. 

 

      Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы