Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және микроқаржы  ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына  (қатысушыларына) қойылатын талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және микроқаржы  ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына  (қатысушыларына) қойылатын талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және микроқаржы  ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына  (қатысушыларына) қойылатын талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 

 

      1. Заңды тұлға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға жүгінеді. 

      2. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға уәкілетті органды, қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды өзінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы осы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді. 

      3. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін уәкілетті органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда, микроқаржылық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсынады. 

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, микроқаржы ұйымының тұрған жері өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады. 

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу кезінде микроқаржы ұйымының біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексеру лицензияны қайта ресімдеуге себеп болған негіз микроқаржылық қызмет түрінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне не тұрған жерінің өзгеруіне байланысты жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келген жағдайларда жүзеге асырылады. 

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті микроқаржы ұйымы лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді. 

      4. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден уәжді бас тартуды береді. 

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі микроқаржы ұйымы клиенттерінің көруіне қолжетімді жерде орналастырылуға тиіс. 

      5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің мүшелері (бар болса), директорлар кеңесінің мүшелері (бар болса), бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады. 

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 9-тармағында көрсетілген еңбек өтілінің болуы бойынша мерзімдерді қоспағанда, микроқаржы ұйымының, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың басшы қызметкерлері аталған баптың талаптарына сай келуге тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). 

      Директорлар кеңесінің мүшелеріне "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қойылатын талаптар байқау кеңесінің мүшелеріне де қолданылады. 

      Микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда микроқаржы ұйымы уәкілетті органның талабы бойынша оларды қызметтен шеттетеді. 

      6. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды. 

      Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс. 

      Жеке-дара атқарушы орган бір адамнан тұрады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды. 

      Мынадай: 

      1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын; 

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар; 

      3) уәкілетті орган микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын осы микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылатын; 

      4) уәкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған не болып табылатын; 

      5) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған бенефициарлық меншік иесі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар заңды тұлға болып табылатын тұлға микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды. 

      7. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін: 

      1) атқарушы органның басшысы, байқау кеңесінің басшысы (бар болса), микроқаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы (бар болса) лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымына кандидаттар үшін кемінде бір жыл; 

      2) байқау кеңесінің мүшелері (бар болса), директорлар кеңесінің мүшелері (бар болса), атқарушы органның (алқалы) мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл; 

      3) бас бухгалтер лауазымына кандидаттар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы қажет. 

      Кредиттік серіктестіктің және ломбардтың басшы қызметкерлері үшін осы тармақта көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді. 

      8. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен басшы қызметкерлерді тағайындаған (сайлаған), басқа лауазымға ауыстырған немесе олармен еңбек шартын бұзған (өкілеттіктерін тоқтатқан) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың құрамында болған өзгерістер туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы. 

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы