Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 14-бап. Облыстық соттың төрағасы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

14-бап. Облыстық соттың төрағасы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Облыстық соттың төрағасы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

 

      1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

      1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

      2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

      3) облыстық соттың жалпы отырыстарын, кеңейтілген жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

      3-1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде аудандық сот төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ оны талқылау қорытындылары бойынша материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;

      3-2) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін аудандық сот судьясын, төрағасын немесе облыстық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

      5) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);

      6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;

      8) өкімдер шығарады;

      9) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

      11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.

      3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердiң атқарылуын облыстық соттың төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеудi жүзеге асырады, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының мiндеттерiн уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.

      4. Жоғарғы Соттың Төрағасы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген міндеттер атқаруды жүктеудің күшін жоюға және облыстық сот төрағасының міндеттерін атқаруды осы облыстық соттың сот алқасының басқа төрағасына немесе судьясына жүктеуге құқылы.

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы