Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 14-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін санаттарға бөлу Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

14-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін санаттарға бөлу Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін санаттарға бөлу Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы 

      1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін санаттарға бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыныптамаға сәйкес айқындалатын радиоактивті қалдықтардың сипаттамаларын ескере отырып, барынша ықтимал радиациялық авария кезінде олардың халық, персонал және қоршаған орта үшін ықтимал радиациялық қауіптілік деңгейі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Ықтимал радиациялық қауіптілік деңгейі бойынша радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілері:

      1) 1-санаттағы объектілер – авария болған жағдайда санитариялық-қорғау аймағынан тыс жерде халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсері болуы мүмкін;

      2) 2-санаттағы объектілер – авария болған жағдайда радиациялық әсері санитариялық-қорғау аймағының аумағымен шектелетін;

      3) 3-санаттағы объектілер – авария болған жағдайда радиациялық әсері объектінің орналасқан алаңымен шектелетін;

      4) 4-санаттағы объектілер – авария болған жағдайда радиациялық әсері радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын үй-жайлармен немесе жұмыс аймағымен шектелетін, әсері олардың шегінен шықпайтын объектілер болып бөлінеді.

      3. Жұмыс істеп тұрған объектілер үшін санаттарды объектінің меншік иесі белгілейді және уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.

      4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін жаңа объектілер үшін санаттар Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына және барынша жоғары радиациялық авариялар сценарийін қамтитын жобалау құжаттамасын талдау негізінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жобалау кезеңінде белгіленеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау