Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 14-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта жалғастыру, тоқтату және одан айыру Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

14-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта жалғастыру, тоқтату және одан айыру Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта жалғастыру, тоқтату және одан айыру Cот-сараптама қызметі туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, адамның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының қолданысы: 

      1) ол мемлекеттік қызметте болған; 

      2) ол Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған; 

      3) ол сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген; 

      4) ол мерзімді әскери қызметті өткерген; 

       5) осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген;

6) қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жеке сот сарапшысына қатысты шығарылған;

      7) біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен асырып, дәлелсіз себеппен бұзған не одан өтуден бас тартқан жағдайларда тоқтатыла тұрады.

       Лицензияны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған кезде оның қолданысы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қайта жалғастырылады. 

1-1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысы мынадай жағдайларда:

      1) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы іс жүргізу қозғалғанда – сот шешім қабылдағанға дейін;

      2) жеке сот сарапшысы осы Заңның 24-бабы 8) және 9) тармақшаларының талаптарын бірнеше (күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан көп) рет бұзғанда – алты айға;

      3) аттестаттаудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен асырып, дәлелсіз себеппен бұзғанда не одан өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;

      4) сараптамаларды жүргізу мерзімін күнтізбелік он бес күнге дейін бұзғанда – үш айға, күнтізбелік отыз күнге дейін бұзғанда – алты айға;

      5) материалдарды орындамастан негізсіз қайтарғанда алты айға тоқтатыла тұрады.

      2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату: 

      1) адам қайтыс болған; 

      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша адам әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған; 

      3) адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан; 

      4) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 

       5) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде адам қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған; 

      6) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырылады. 

      3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру: 

      1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел немесе күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзған; 

      2) аттестаттау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан адамның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған; 

3) адам үш айдан асырып, аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда уәкілетті органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.

4. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату немесе одан айыру туралы тиісті мәліметтер бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. 

 5. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің қолданысын тоқтатуға алып келеді.

 

Cот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау