15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды өздерінің құзыреті шегінде уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі – бақылау және қадағалау органдары) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органдарының қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдары операторларының, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктердің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйесіне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, төлем ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) Қазақстан Республикасының банк, валюталық заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, төлемдер және төлем жүйелері, әлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар рыногы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, акционерлік қоғамдар, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында, банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға және банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтауды, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауды көздейді.
2. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
Қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылауды және қадағалауды осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тексеру жүргізу нысандары мен өзге нысандарда жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы