15-1-бап. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесі Cот-сараптама қызметі туралы Заңы
1. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесі – бұл сот-сараптама қызметін автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе.
2. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесіне сот сараптамаларын ұйымдастыру мен жүргізу, олардың нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер енгізіледі.
3. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесіне қолжетімділік сот сарапшыларына және басқа да адамдарға, оның ішінде сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға беріледі.
Сот сарапшылары және басқа да адамдар, оның ішінде сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін сүйемелдеуді және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдар осы цифрлық жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға міндетті.
Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесінде қамтылған мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
4. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесінде қамтылған мәліметтерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті орган сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін пайдалану қағидаларын айқындайды.
6. Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, сот сараптамалары органы және уәкілетті орган ақпаратты жинау мен талдау үшін қолдана алады.
Cот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау