15-2-бап. Цифрлық архив Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы
1. Цифрлық архив уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электрондық нысанда ұйымдастырылған және сақталатын электрондық архивтік құжаттар мен архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерінің жиынтығы болып табылады.
2. Цифрлық архив Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында жұмыс істейді.
3. Цифрлық архив сақталатын ақпараттың қолжетімділігін, сақталуын, тұтастығын және құпиялығын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
4. Цифрлық архив Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылған және сақталатын электрондық архивтік құжаттар мен қағаз жеткізгіштегі архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін қамтиды.
5. Цифрлық архивтің жұмыс істеу тәртібін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
6. Цифрлық архив архивтік құжаттарды, Мемлекеттік қор каталогын іздеу, оған қол жеткізу және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
7. Цифрлық архивке қол жеткізу ақпараттық қауіпсіздік талаптары және оның жұмыс істеу тәртібі сақтала отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы