15-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі (тізілімдеріндегі) мәліметтердің күшін жою Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға берілген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне (тізілімдеріне) енгізіледі.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.
4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия құрады. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне белгі қойылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады: -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне (тізілімдеріне) тиісті жазба енгізу;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған сотқа шағым жасалуы мүмкін. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ
5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органның жанынан құрылатын апелляциялық комиссияға патенттік сенім білдірілген өкілдердің шағымдарын сотқа дейін қарау жөніндегі шағым берілуі мүмкін.
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Көрсетілген шағымдарды сотқа дейін қарау міндетті болады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы