Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты   іскерлік практикалар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты   іскерлік практикалар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты   іскерлік практикалар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

      1. Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қаржы нарығында жауапты іскерлік практикаларды сақтауға міндетті, онда: 

      1) қаржы өнімдерін басқару; 

      2) қаржы өнімдері туралы ақпаратты ашып көрсету; 

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде қаржы нарығында жосықсыз практикаларға жол бермеу; 

      4) уәкілетті агенттердің қызметі үшін жауапкершілік алу; 

      5) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау; 

      6) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде тиісті іс-шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы арттыру көзделеді. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптар уәкілетті агенттерге қолданылады. 

      2. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы