Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз   практикаларға жол бермеу Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз   практикаларға жол бермеу Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

   15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз   практикаларға жол бермеу Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

      1. Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржы өнімдерін ұсыну кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларға жол бермеуге міндетті. 

      2. Жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жосықсыз практикаларды анықтау тәртібі уәкілетті орган бекіткен банк қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптарда, сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарда айқындалады. 

      3. Іс-қимылды қадағалау субъектілері өз қызметкерлеріне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларды болғызбауға бағытталған сыйақы беру саясатын әзірлейді. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы