15-30-бап. Қаржы омбудсманы қызметі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
1. Қаржы омбудсманы қызметі – қаржы омбудсмандарының қызметін қамтамасыз ететін, жеке мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым.
Қаржы нарығында қаржы активтерінің кемінде жетпіс пайызын жиынтығында иеленетін, іс-қимылды қадағалау субъектілерін біріктіретін, қауымдастық нысанындағы коммерциялық емес ұйым қаржы омбудсманы қызметінің құрылтайшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында бір ғана қаржы омбудсманы қызметі құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
2. Қаржы омбудсманы қызметінің құрылтайшысы қаржы омбудсманы қызметінің жарғысын бекітеді және оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
3. Қаржы омбудсманы қызметінің міндеттері мыналар:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қабылдау және өңдеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы омбудсманы олардың жолданымдары бойынша шығарған шешімдерді ұсыну;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде тиісті іс-шаралар әзірлеу және іске асыру арқылы арттыру;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын есепке алуды және өңдеуді автоматтандыру бойынша қаржы омбудсманы қызметінде мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды қолдануды, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеу платформасының жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға консультациялық қызметтер көрсету үшін қаржы омбудсманы қызметіне колл-орталықты не қауырт желіні ендіруді қамтамасыз ету;
5) уәкілетті органды қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау кезінде анықталған іс-қимылды қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы анықталған күнінен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету;
6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жетілдіру жөнінде уәкілетті органға ұсынымдар беру;
7) қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің міндетті жарналар және (немесе) өзге де төлемдер төлеуін бақылау болып табылады.
4. Қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:
1) қаржы омбудсманы қызметінің, оның ішінде оның бөлімшелері мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;
2) қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мүшелерінің құрамы;
3) қаржы омбудсманы қарауға тиіс даулар;
4) жолданымдарды қабылдау және қарау тәртібі;
5) қаржы омбудсмандары қызметінің қорытындылары туралы жылдық есеп;
6) қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ішкі қағидалар;
7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген, қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру тәртібіне сәйкес өзге де ақпарат.
5. Қаржы омбудсманы қызметі мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары және тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар бойынша қарыз алушы жеке тұлғалардың берешегін ұжымдық реттеу платформасының (бұдан әрі – платформа) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Платформа мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша келісілген шешімдер әзірлеу мақсатында қарыз алушы жеке тұлғалардың, банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктер мен қаржы омбудсманының (бұдан әрі – қатысушылар) өзара іс-қимыл жасауына арналған.
Платформа:
1) берешекті реттеуге жүгінген қарыз алушылар туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды;
2) берешекті реттеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыруды;
3) реттеуге қатысушылар арасында деректер алмасуды автоматтандыруды;
4) уәкілетті органға қарыз алушы жеке тұлғалардың борыштық жүктемесін төмендету жөніндегі шараларды мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау үшін талдамалық деректерге қолжетімділік беруді қамтамасыз етеді.
Платформаның жұмыс істеу тәртібі қатысушыларды қосу талаптарын, қол жеткізу деңгейлерін, дербес деректерді алмасу мен қорғауды қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы