15-31-бап. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
1. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі – қаржы омбудсманы қызметінің тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы.
Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мынадай мүшелерден:
1) қаржы омбудсманы қызметінің құрылтайшысынан бір өкілден;
2) банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарынан бір өкілден;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан бір өкілден;
4) микроқаржы ұйымдарынан бір өкілден;
5) бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан бір өкілден;
6) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтары (талаптары) берілген коллекторлық агенттіктерден бір өкілден;
7) уәкілетті органнан бір өкілден тұрады.
Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мүшелерінің мінсіз іскерлік беделі және жоғары экономикалық және (немесе) заң білімі болуға тиіс.
2. Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) қаржы омбудсманы қызметі жұмысының оның жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
2) қаржы омбудсманы қызметінің құрылымын, штатын және қаржы омбудсмандарының санын бекіту;
3) бас қаржы омбудсманы мен қаржылық көрсетілетін қызметтердің тиісті салаларындағы қаржы омбудсмандары лауазымдарына сайлау үшін кандидатуралар ұсыну;
4) бас қаржы омбудсманы мен тиісті салалардағы қаржы омбудсманын сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) қаржы омбудсмандарының еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру жүйесін айқындау;
6) қаржы омбудсманы қызметінің жылдық бюджетін, оны қаржыландыру тәртібі мен мерзімдерін және қаржы омбудсманы қызметі жұмысының қорытындылары туралы жылдық есепті бекіту;
7) қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру мәселелері бойынша ішкі қағидаларды бекіту;
8) сақтандыру шарттары бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға келтірілген зиянның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту;
9) өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырысы, егер отырысқа қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің кемінде бес мүшесі қатысса, заңды және кворум талаптары сақталды деп танылады. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі шешімді өкілдерінің жай көпшілік даусымен қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешім уәкілетті органнан қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі өкілінің оң шешімі болған кезде ғана қабылданды деп есептеледі.
Бас қаржы омбудсманын сайлау туралы шешім қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
Бас қаржы омбудсманы қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысады.
4. Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің мүшелері өз функцияларын өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі қаржы омбудсманы қызметінің жарғысында айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы