15-32-бап. Қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
1. Қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру іс-қимылды қадағалау субъектілерінен түсетін міндетті жарналар мен өзге де төлемдер есебінен қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің ішкі қағидаларына сәйкес қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға (жүргізуге) арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру не тоқтату (лицензиядан айыру) іс-қимылды қадағалау субъектісін қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті жарналар мен өзге де төлемдерді жүзеге асыру міндетінен босатпайды.
Барлық операцияларды жүзеге асыруға (жүргізуге) арналған лицензияның қолданысын тоқтату (лицензиядан айыру) іс-қимылды қадағалау субъектісін қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті төлемдер мен өзге де төлемдерді жүзеге асыру міндетінен көрсетілген лицензияның қолданысы тоқтатылған (лицензиядан айырған) күннен бастап босатады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған (лицензиядан айырған) жағдайда, микроқаржы ұйымы қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті төлемдер мен өзге де төлемдерді жүзеге асыру міндетінен микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылған күннен бастап босатылады.
Коллекторлық агенттіктер тізілімінен коллекторлық агенттік шығарылған кезде коллекторлық агенттік кредиторлар коллекторлық агенттікке құқықтар (талаптар) берген банктік қарыз шарттары мен микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылған күннен бастап қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті төлемдер мен өзге де төлемдерді жүзеге асыру міндетінен босатылады.
3. Қаржы омбудсманы қызметі іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті жарналарды және (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабар береді.
4. Қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті жарналарды және (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін іс-қимылды қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы