Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-33-бап. Қаржы омбудсманының жолданымдарды  қарау тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-33-бап. Қаржы омбудсманының жолданымдарды  қарау тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    15-33-бап. Қаржы омбудсманының жолданымдарды  қарау тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

      1. Қаржы омбудсманының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымдарын қарауы ақысыз негізде жүзеге асырылады. 

      2. Қаржы омбудсманы, қаржы омбудсманы қызметінің қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады. 

      3. Қаржы омбудсманы қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қаржы омбудсманына, оның ішінде қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында немесе мобильдік қосымшасында үздіксіз жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

      4. Қаржы омбудсманы қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымын ол қаржы омбудсманына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеуді қамтамасыз етеді және көрсетілген жолданымның көшірмесін өзіне қатысты жолданым берілген іс-қимылды қадағалау субъектісіне жібереді. 

      5. Қаржы омбудсманы мынадай: 

      1) қаржы омбудсманы қарауға тиіс емес; 

      2) соттың қарауына қабылданған және (немесе) заңды күшіне енген сот актісі немесе атқарушылық жазба бар; 

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс-қимылды қадағалау субъектісіне жүгінгеніне жазбаша дәлелдемелер ұсынбаған; 

      4) істің жаңа мән-жайлары болмаған кезде қайта жіберілген жолданымдарды қарамайды. 

      6. Қаржы омбудсманы жолданымдарды қарау процесінде: 

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыдан және (немесе) іс-қимылды қадағалау субъектісінен жолданым нысанасына қатысы бар құжаттардың түпнұсқаларын немесе тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін сұратуға; 

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыдан және (немесе) іс-қимылды қадағалау субъектісінен жолданым нысанасы бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктер (түсіндірмелер) алуға құқылы. 

      Іс-қимылды қадағалау субъектісі, сұратылған құжаттарды ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды қоспағанда, сұратылған құжаттардың уәкілетті органның қолтаңбасымен куәландырылған көшірмелері мен түсініктерді, егер қаржы омбудсманының сұрау салуында неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. 

      Іс-қимылды қадағалау субъектісі құжаттарды (немесе) түсініктерді белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда: 

      қаржы омбудсманы қызметі бұл жөнінде уәкілетті органға хабар береді; 

      іс-қимылды қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 

      7. Қаржы омбудсманы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының алынған жолданымы бойынша шешімді жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылдайды. 

      Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған кезде өтінішті қарау мерзімін қаржы омбудсманы тағы он бес жұмыс күніне ұзартуы мүмкін, бұл туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. 

      8. Қарыз алушы жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша, микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша қаржы омбудсманы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне және банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту туралы тараптармен келісілген шешім қабылдауға жәрдемдеседі. 

      Қаржы омбудсманының жолданымды қарауы нәтижелері бойынша хаттама ресімделеді, оған қаржы омбудсманы, банк қарызы шартының, микрокредит беру туралы шарттың тараптары қол қояды және онда банк қарызы шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту талаптары туралы мәліметтер қамтылады. 

      9. Осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жолданымды қарау нәтижелері бойынша қаржы омбудсманы мынадай: 

      1) жолданымды толық немесе ішінара қанағаттандыру; 

      2) жолданымды қанағаттандырудан бас тарту; 

      3) жолданымды қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірін қабылдайды. 

      Қаржы омбудсманының шешімі негізделген болуға, Қазақстан Республикасы заңдарының, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және қаржы омбудсманы қызметінің қағидаттарына сәйкес келуге тиіс. 

      Жолданымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданған кезде шешімде іс-қимылды қадағалау субъектісінің мұндай шешімді орындау тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі. 

      10. Қаржы омбудсманының шешімі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға, іс-қимылды қадағалау субъектісіне қабылдаған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі. 

      Қаржы омбудсманының шешімі: 

      қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы қаржы омбудсманының шешімімен жазбаша келіскен жағдайда – іс-қимылды қадағалау субъектісі; 

      міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша сақтандыру ұйымдары арасындағы дауды қарау жағдайларында және оның нәтижелері бойынша сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады. 

      11. Қаржы омбудсманының шешімін іс-қимылды қадағалау субъектісі белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда: 

      қаржы омбудсманы қызметі мұндай орындамау фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға бұл туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабар береді; 

      іс-қимылды қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 

      Қаржы омбудсманының шешімі міндетті болып табылатын, қаржы омбудсманы қараған даудың (жолданымның) тараптары осы шешіммен келіспеген жағдайда, қаржы омбудсманының шешімін алған күннен кейін бір ай ішінде осы шешімге дау айту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. 

      Қаржы омбудсманының шешімдері міндетті болып табылмайтын дау (жолданым) тараптары қаржы омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, іс-қимылды қадағалау субъектісімен болған дауды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. 

      Талап қоюды сотқа беру қаржы омбудсманының шешімін орындауды тоқтата тұрады. 

      12. Қаржы омбудсманы жолданымды қарауды мынадай жағдайларда: 

      1) жолданымды қарау процесінде жолданымның қаржы омбудсманының қарауына жатпайтынын көрсететін мән-жайлар анықталса; 

      2) егер іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы омбудсманы жолданымды қарауды аяқтағанша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымын қанағаттандырса; 

      3) егер қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы және (немесе) оның заңды өкілі қаржы омбудсманы құжаттарды және (немесе) түсініктерді белгілеген мерзімде ұсынбаса; 

      4) жолданымды қараудың кез келген сатысында тараптар өзара келісімге келу негізінде татуласса; 

      5) қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушының жолданымын толық немесе ішінара қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдау мүмкін болмайтын, дауды сотқа дейін реттеу тәртібіне жатпайтын болса; 

      6) іс-қимылды қадағалау субъектісінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және (немесе) шарт талаптарын бұзушылықтар анықталмаса; 

      7) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жеке тұлға қайтыс болса немесе ол хабар-ошарсыз кетті деп танылса немесе қайтыс болды деп жарияланса; 

      8) іс-қимылды қадағалау субъектісі таратылса, тоқтатады. 

      Жолданымды қарауды тоқтату туралы шешім қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушыға, іс-қимылды қадағалау субъектісіне қабылданған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі. 

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша жолданымды қарау тоқтатылған жағдайда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы және (немесе) оның заңды өкілі барлық қажетті құжаттарды және (немесе) түсініктерді ұсына отырып, қаржы омбудсманына қайта жүгінуге құқылы. 

      Осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жолданымды қарау тоқтатылған жағдайларда, қаржы омбудсманы іс-қимылды қадағалау субъектісіне өтініш берушінің жолданымын реттеу туралы ұсыным жіберуге құқылы. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы