15-бап. Білікті заң көмегінің түрлері Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы
Білікті заң көмегі:
1) құқықтық ақпарат беру;
2) құқықтық консультация беру;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
3-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін конституциялық іс жүргізуде білдіру;
4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі.
Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауы және білдіруі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау