Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-бап. Лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

15-бап. Лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға: 

      1) жеке мүдделері болған кезде шешімдерді қарауға, талқылауға, дайындауға немесе қабылдауға қатысуға не шешімдерге өзге де тәсілмен ықпал етуге; 

      2) осы Заңның 15-3-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға; 

      3) мемлекеттік органда, ұйымда немесе өзі қызметте тұрған (жұмыс істейтін) не оған тікелей бағынатын немесе бақылауындағы квазимемлекеттік сектор субъектісінде үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға; 

      4) атқаратын (бұрын атқарған) лауазымының артықшылықтарын жеке мүддесі үшін пайдалануға тыйым салынады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. 

      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы