15-бап. Облыстық және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокурорлар мен прокуратуралар Прокуратура туралы Конституциялық заңы
1. Облыстардың прокуратураларын және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады.
2. Облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокурорлар:
1) облыстық және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралардың қызметіне басшылық жасайды;
2) барлық бағынысты прокурорлар мен өзге де жұмыскерлер үшін міндетті болатын бұйрықтар, өкімдер шығарады;
3) прокуратура алқасын құрады, оның жұмыс регламентін және алқа мүшелерінің мәртебесін айқындайды;
4) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті үйлестіру кеңестерін басқарады;
5) осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы