⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Қаржы басқарушысы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

15-бап. Қаржы басқарушысы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Қаржы басқарушысы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламасы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы қаржы басқарушысы болып әрекет ете алады. 

      2. Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны: 

      1) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті жүзеге асыратын әкімші; 

      2) кәсіби бухгалтер; 

      3) аудитор; 

      4) заң консультанты беруге құқылы. 

      3. Қаржы басқарушысының қызметі кәсіпкерлік қызметке жатпайды, сондай-ақ аудиторлық қызмет болып табылмайды. 

      4. Егер арыз беруші осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адам болып табылған жағдайда, қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға кәсіби бухгалтердің сертификаты қоса беріледі. 

      5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген адамдар қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны мынадай мән-жайлар: 

      1) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикасының, мінез-құлқының бұзылуларына (ауруларына), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты есепте тұратыны туралы мәліметтер болмаған; 

      2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмаған; 

      3) соттың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығаны туралы мәліметтер болмаған кезде береді. 

      6. Қаржы басқарушысы мынадай: 

      1) борышкерге немесе оның кредиторларына талаптары немесе міндеттемелері болған; 

      2) егер ол борышкердің немесе кредитордың жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы болған жағдайларда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға құқылы емес. 

      7. Қызметтің басталғаны туралы хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде қаржы басқарушысы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті. 

      7-1. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында белгіленген мән-жайларды анықтаған кезде қаржы басқарушысы өкілеттіктерін орындаудан бас тартқан жағдайда оны белгілі бір борышкерге қатысты өз өкілеттіктерін орындаудан шеттетеді. 

      Осы тармаққа сәйкес қаржы басқарушысын шеттету оны өкілеттіктерін жүзеге асырудан шеттетуге алып келмейді және қаржы басқарушысына басқа борышкерлерге қатысты өкілеттіктер беруге кедергі келтірмейді. 

      8. Қызметі тоқтатылған кезде қаржы басқарушысы қызметі тоқтатылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті хабарлама жіберуге міндетті. 

      9. Уәкілетті орган мынадай: 

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған; 

      2) осы баптың 5-тармағында көзделген құжат ұсынылмаған; 

      3) уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көзделген мән-жайларды анықтаған; 

      4) тексерудің нәтижелері бойынша осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған; 

      5) қылмыстық іс тоқтатылған не қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) және 12) тармақтарында немесе 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша босатылған; 

      6) осы тұлғаға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген; 

      7) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсету ұйымдарында психикасының, мінез-құлқының бұзылуларына (ауруларына), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты есепке қойылған; 

      8) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 

      9) қаржы басқарушысы қызметін тоқтату туралы хабарлама берген; 

      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшінің, кәсіби бухгалтердің, аудитордың, заң консультантының қызметі тоқтатылған немесе қызметімен айналысу құқығынан айырылған; 

      11) қайтыс болған немесе сот қайтыс болды деп жариялаған не хабарсыз кетті деп таныған жағдайларда, қаржы басқарушысының хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастайды. 

      10. Уәкілетті орган осы баптың 9-тармағында белгіленген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаржы басқарушысының хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастауды жүзеге асырады. 

      11. Уәкілетті орган хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде борышкер мен кредиторға қаржы басқарушысының осындай тізілімнен алып тасталғаны туралы және жаңа қаржы басқарушысының тағайындалуы туралы ақпарат жібереді. 

      12. Уәкілетті орган хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған адам алып тастау себептері жойылған жағдайда, бірақ алып тасталған күннен бастап үш жыл өткен соң қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қайтадан беруге құқылы. 

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы