Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) қойылатын талаптар Сақтандыру қызметі туралы Заңы

16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) қойылатын талаптар Сақтандыру қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) қойылатын талаптар Сақтандыру қызметі туралы Заңы 

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруға немесе оның қызметіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.

      2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында лауазымдарды атқара алмайды немесе сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыра алмайды.

3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке және заңды тұлғалар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сақтандыру брокерінің құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) бола алмайды.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда, уәкілетті орган осы қатысушыға (акционерге) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талап жібереді.

      Сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) оның қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талапты алған күннен бастап алты ай ішінде оны орындауға және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы