Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 16-5-бап. Кассациялық сот төрағасы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

16-5-бап. Кассациялық сот төрағасы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-5-бап. Кассациялық сот төрағасы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Кассациялық сот төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

      1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

      2) кассациялық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

      3) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, кассациялық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кассациялық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

      5) кассациялық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

      6) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;

      7) өкімдер шығарады;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

      9) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Кассациялық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы осы сот судьяларының біріне жүктейді.

      3. Кассациялық сот төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердi атқару кассациялық сот төрағасының өкiмiмен осы кассациялық сот судьяларының бiрiне жүктеледi.

      4. Жоғарғы Сот Төрағасы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген міндеттерді атқаруды жүктеудің күшін жоюға және кассациялық сот төрағасының міндеттерін атқаруды осы кассациялық соттың басқа судьясына жүктеуге құқылы. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы