16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау Аудиторлық қызмет туралы Заңы
1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны электрондық нысанда ресімдеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайтаруға міндетті.
Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы