⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы Заңы

16-бап. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 16-бап. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік реттеу осы Заңның қолданылуымен, сондай-ақ геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесімен қамтамасыз етіледі. 

      2. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі мыналарды қамтиды: 

      1) нормативтік құқықтық актілер; 

      2) орындалатын геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстардың дәлдігіне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік техникалық құжаттар мен ерікті түрде қолданылатын нормативтік техникалық құжаттар: 

      геодезиялық, картографиялық нұсқаулықтар, нормалар мен қағидалар; 

      карталар мен жоспарлардың шартты белгілері, сыныптауыштар; 

      3) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы стандарттау жөніндегі ерікті түрде қолданылатын нормативтік техникалық құжаттар; 

      4) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілген геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекетаралық стандарттар мен қағидалар. 

      3. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінің объектілері: 

      1) мемлекеттік топографиялық карталардың 1:10000, 1:25000, 1:50000, 1:100000, 1:200000, 1:500000, 1:1000000 масштабтық қатары; 

      2) мемлекеттік топографиялық жоспарлардың 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабтық қатары; 

      3) мемлекеттік геодезиялық желі болып табылады. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы