Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Нысаналы капитал қорының қаржылық есептілігі және аудиті Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

16-бап. Нысаналы капитал қорының қаржылық есептілігі және аудиті Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Нысаналы капитал қорының қаржылық есептілігі және аудиті Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы 

      1. Нысаналы капитал қорының бухгалтерлік есепке алуын жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында белгіленеді.

      2. Нысаналы капитал қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) меншікті қаражаты мен активтері бойынша бөлек бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті ұсынады.

      Бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды атқарушы орган жүзеге асырады.

      3. Атқарушы орган жыл сайын қамқоршылық кеңеске бекіту үшін аудиті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген өткен жылғы жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

      4. Нысаналы капитал қоры жыл сайын жылдық қаржылық есептілікті, аудиторлық есепті, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қайырымдылық бағдарламаларының орындалуы туралы есепті, нысаналы капитал қоры меншікті қаражатының және эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің пайдаланылуы туралы есепті және нысаналы капитал қорының әкімшілік-басқару шығыстары бойынша есепті қамқоршылық кеңес оларды бекіткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің ресми интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

      5. Нысаналы капитал қоры жылдық қаржылық есептілікке тәуелсіз аудит жүргізуге міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 199-VIII ҚРЗ 

Осы Заң нысаналы капитал қорларын құру, басқару және тарату, эндаумент-қорларды (нысаналы капиталдарды) қалыптастыру, толықтыру, таратып жіберу және олардың инвестициялық кірістерін пайдалану, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін сенімгерлік басқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы