⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың кері экспортын және эксаумақтық кері экспортты бақылау Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы

16-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың кері экспортын және эксаумақтық кері экспортты бақылау Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың кері экспортын және эксаумақтық кері экспортты бақылау Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының аумағына кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың кері экспортын экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органы рұқсатының және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензияның негізінде жүзеге асырады. 

      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, парадтар, жарыстар, демонстрациялық іс-шаралар, сынақтар өткізу кезінде тартылуы қажетті, шет мемлекеттің мемлекеттік органдарына немесе ұйымдарына тиесілі әскери мақсаттағы тауарлардың кері экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады. 

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шет мемлекеттің мемлекеттік органдары немесе ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағынан өздеріне тиесілі әскери мақсаттағы тауарларды олар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде әкетуге міндетті. 

      2. Эксаумақтық кері экспортты шетелдік тұлғалар эксаумақтық кері экспортқа рұқсат негізінде жүзеге асырады. 

 

      Осы Заң өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттарын және құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезіндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын және транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы